18:21, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Air France ұшағы істен шыққан дәретханалардың кесірінен Атлантиканы кесіп өте алмады
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Air France компаниясының жолаушы таситын әуе лайнері Рио-де-Жанейро әуежайына еріксіз қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы «Маяк» радиостансасы хабарлады.

Ұшақ Парижге бет алып бара жатқан еді, дегенмен ұшудың бесінші сағатында әуе кемесінің экипажы кеме ішінде дәретханалардың бұзылып қалуына байланысты, ұшақты Рио-де-Жанейро әуежайына қондыруға мәжбүр болды. Ұшқыштар бұзылған дәретханалармен Атлантика мұхиты арқылы 12 сағаттық ұшуға жүректері дауаламаған сыңайлы.
Рио-де-Жанейроға қонғаннан кейін жолаушыларға қала қонақ үйлерінен бөлмелер бөлініп, қонып шығуға барлық жағдайлар жасалды. Хабарланғандай, олардың Парижге қалайда жетуі үшін қосымша рейс ұйымдастырылады: француз астанасына олар қосымша бортпен ұшып кетпек.
Өз кезегінде, дәретханалары істен шыққан әуе лайнері тұраққа жеткізіліп, мамандар ақаудың неден болғанын анықтау үстінде.