Air France ұшағы Каир әуежайына шұғыл қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердам - Эр-Рияд бағытында ұшып келе жатқан Air France авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы Каир халықаралық әуежайына шұғыл қонды.
«Аль-Яум ас-Сабиа» басылымының хабарлауынша, оған лайнердің техникалық ақауы себеп болған, деп жазады ТАСС.
Ұшақ бортында 193 жолаушы болған. Қону штаттық режимде өтті. Лайнерге техникалық қызмет көрсетілді. Әуе айлағы әкімшілігінің мәліметтері бойынша, ұшақ таяу уақытта діттеген жеріне сапарын жалғастырады.