Air France ұшағының шассиінен адамның денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж әуежайына қонған Air France авиакомпаниясының ұшағы шассиінен адамның денесі талылды, деп хабарлады ТАСС.

 Air France ұшағының шассиінен адамның денесі табылды

AFP агенттігінің хабарлауынша, лайнер Бразилиядан рейспен шыққан болатын. «Адамның денесі Орли әуежайында Boeing 777 ұшағына қызмет көрсету кезінде табылды», - деп нақтылады агенттік полициядағы дереккөзге сілтеме жасап. Өлген адамның кім екені және жынысы әзірге анықталған жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайы белгісіз.