Air France ұшқыштары ереуілді алдағы жұма күніне дейін жалғастырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Air France ұшқыштары ереуілдерін 26 қыркүйекке дейін жалғастыратындығы жариялады.

Air France ұшқыштары ереуілді алдағы жұма күніне дейін жалғастырмақ

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, компания басшылығы мен кәсіподақтар арасындағы келіссөздер еш нәтиже бермей отыр. Дүйсенбі күні басталған ереуіл салада 1998 жылдан бергі ең үлкен наразылық болмақ.

Ереуілге қатысып жатқан ұшқыштардың саны әуе компаниясындағы жалпы ұшқыштар құрамының 74 пайызға жуығын құрап отыр. Осының салдарынан компания күн сайын қыруар шығынға батып жатқан көрінеді.