«AirAsia» компаниясы ұшағын іздеу ауданы шығысқа қарай кеңейтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатқа ұшыраған AirAsia компаниясының ұшағын іздестіру аймағы Явань теңізінің шығысына қарай кеңейтілді. Бұл туралы Малайзияның Әуе-теңіз қорғанысы қолбасшысы Абдул Азиз Джафар хабарлады, деп жазады ТАСС.

Оның айтуынша, басты бақылау жұмыстары су асты іздеу шараларына аударылған, өйткені құтқарушылар «қара жәшік» жатқан маңайды болжады. Алайда, ауа райының тұрақсыздығы іздеу жұмыстарын қиындатып отыр. Құтқарушылар кеше апаттан қаза болған 4 марқұмның мүрдесін шығарды. Мұнымен табылған құрбандардың саны 34-ке жетті. Сарапшылардың айтуынша, жолаушылар мүрдесі теңіз түбінде, 30 метр тереңдікте жатқан ұшақ корпусында қалуы мүмкін. AirAsia компаниясының ұшағы әуеге көтірілгеннен кейін 40 минуттан соң Калимантан (Борнео) аралы ауданында радардан жоғалып кеткен. Ұшақ бортында 155 жолаушы, жеті экипаж мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram