AirAsia ұшағының артқы бөлігі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүңгуірлер Индонезия жағалауындағы Явань теңізіне құлаған AirAsia компаниясы ұшағының артқы бөлігін сыртқа шығарды, деп хабарлады ВВС.
None
None

Бұдан бұрын сүңгуірлер қатты ағыс және ауа райының қолайсыздығынан «қара жәшікті» іздестіруді жұмыстарын тоқтатқан болатын.

Индониезиялық Сурабай қаласынан Сингапурға бет алған бортында 162 адам бар AirAsia авиалайнері 28 желтоқсанда радардан ғайып болған. Ұшақтың басты бөлігі табылған жоқ. Билік онда қаза тапқан жолаушылардың және экипаж мүшелерінің денесі болуы мүмкін деп санайды.

Соңғы жаңалықтар