Airbus A320 жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» зақымдалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция елінің оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 жолаушылар ұшағының табылған «қара жәшігі» зақымдалған, деп хабарлайды izvestia.ru.

Францияның ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, борттағы өздігінен жазатын құралдың элементтері қалпына келеді. Сәрсенбі күні таңертең аппарат сарапшылардың тексеруі үшін Парижге жіберілді.

Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып келе жатқан Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы сейсенбі күні Францияның оңтүстік-шығысындағы Альпі тауларында апатқа ұшырады. Рейс ұшу алдында 30 минутқа кешіктірілген.

Соңғы жаңалықтар