Airbus «қара жәшігін» іздеу бүгін толқынның күшті болуы себебінен тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ява теңізінде апатқа ұшыраған Air Asia авиакомпаниясы ұшағының «қара жәшігін» іздеу жұма күні кеште толқындардың күшті болуы себепті тоқтатылды, деп хабарлады Росбалт.
«Толқынның күшті болуы себепті іздеу теңіз сабасына түскенше тоқтатылды», - деп мәлімдеді Индонезия Ұлттық іздеу-құтқару басқармасының жедел директоры Суприяди.
Ол Индонезияның Ұлттық көліктегі қауіпсіздік комитетінің «қара жәшікті» іздеу міндеті жүктелген сарапшылары қазір операцияға қатысып жатқан кемелердің бірінде екенін атап өтті.
Ұшақ сынықтарын іздестіруді күрделендіріп отырған тағы бір жағдай, 1942 жылы осы жерде Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі шайқастары болған, құтқарушылар сол кезден қалған жәдігерліктерді табуда.
Ява теңізі 1942 жылғы ақпан және наурыз айларындағы Екінші дүниежүзлік соғыс кезіндегі теңіз шайқастарында Одақтастар үшін қымбатқа түсті. Нидерланды, Ұлыбритания, Австралия және АҚШ кемелерінен тұратын ABDА Әскери-Әуе күштері Яваны жапондық шабуылдардан қорғау кезінде толық дерлік жойылды.
Одақтастар күштері барлығы сегіз әскери кемелерінен және кемінде 2300 теңізшісінен, ал жапондықтар екі эсминеці мен 36 теңізшісінен айырылды.