АИТВ инфекциясын бірнеше адамға жұқтырған астаналық сотталды
Қалалық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, үкімге сәйкес, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы 3-бөлігімен («Адамның иммундық тапшылығы вирусын АИТВ/ЖИТС жұқтыру») бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешіміне қатысты апелляциялық шағым жолданған. Қазіргі кезде аталған іс қалалық соттың тиісті инстанциясында қарастырылып жатыр.
Еске сала кетейік, елорда тұрғыны адамдарға ауруды қасақана жұқтырды деп күтіктеліп отыр. Елорда Инфо сайтының жазуынша, ол инфекцияны үш адамға жұқтырды деп айыпталуда. Бірақ кінәсын мойындап отырған жоқ.
«АИТВ инфекциясы анықталғанда, дәрігер бұл туралы пациентке хабарлайды. Әңгімелесу барысында науқас бұл инфекцияны саналы түрде ешкімге жұқтырмайтыны және ауруды таратпайтыны туралы құжатқа қол қояды. Егер ол ауруын біреуге әдейі жұқтырса, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады», - деп келтіреді сайт ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымовтің сөзін.
Атап өтілгендей, әдетте, АИТВ-ны жұқтырып алған адамдар істі сотқа дейін жеткізбейді.
«Көптеген адамдар сотқа бармайды, жариялы болудан, отбасынан айырылып қалудан қорқады, өз балаларына ауыр тие ме деп қорқады», - дейді дәрігер.