АИВ (ВИЧ) инфекциясынан қорғайтын ген табылды
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондон Корольдігі колледжінің қызметкерлері ағзадағы АИВ инфекциясының таралуына жол бермейтін генді тапты, деп жазады The Indian Express.
Ғалымдар бірінші рет МХ2 генінің адамның иммундік тапшылық вирусының иммунотапшылық синдромына әсер ететін ролін анықтады. Олардың айтуына қарағанда, ол ағзаның иммундық жүйесінің вирусқа қарсы табиғи қорғаныс күшін қалыптастыратын емдеудің тиімді әрі уытты әдістерінің негізгі жаңа тәсіліне айналуы мүмкін, деп жазады РБК.
Мамандар адам ағзасының вирус жұқтырылған екі жасушасына лабораториялық тәжірибелер жасап көрген. Оның барысында олар жасушалардың бірінде МХ2 генінің белсенділік танытуынан вирустың тарамайтынын байқаған.
«Біз маңызды жаңалық аштық, ол бізге имммундық жүйенің вируспен қалай байланысатынын түсіндіріп, ауруды емдеудің жаңа тәсілдерін ойлап шығаруға мүмкіндік беріп отыр», - деді зерттеу авторларының бірі профессор Майк Мэлим.
«АИВ инфекциясын жұқтырған адамдар осы күнгі қолда бар емдеу препараттарын қолдану арқылы өмірлерін ұзарта алады, алайда одан ағзаға бір жағынан пайдасы болса, екінші жағынан зияны да жоқ емес», - деп қорытындылады М.Мэлим.