Ақ аюлар полярлық экспедициясына қауіп төндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш ақ аю Арктикадағы климаттың өзгеруінің зардаптарын зерттеген канадалық экспедицияның жұмысын тоқтата жаздады.

Ақ аюлар полярлық экспедициясына қауіп төндірді

Поляршылар желіге Бофорт теңізінде ойнап жүрген ақ аюлар отбасы түсірілген бейнені салды. Аюлардың бірі теңіздегі зерттеу кемесінен тартылған кабельді байқап, жүзіп келіп оның дәмін көрмекке әрекеттенді.

Поляршылар аса құнды жабдықтары үшін уайымдап, аюға айқайлай бастаған. Абырой болғанда, жыртқыштың кабельге қызығушылығы тез жоғалып, тұқымдастарына қарай кетіп қалды. Құны 200 мың долларлық кабель бүлінген жоқ, деп жазады epochtimes.ru.