Ақ аюмен достасқан әлемдегі алғашқы адам - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жануарларды үйретуші Марк Эббот Думас полярлық аюға жақындауға рұқсат етілген әлемдегі жалғыз адам. Ол жануармен бірге суда жүзеді, күреседі, шөп үстінде серуендейді, бір сөзбен айтқанда, поляр аюын тәрбиелеумен айналысады, деп жазады Day.Az .
Марк Думас түрлі голливудтық фильмдерге түсіру үшін жануарлармен жұмыс істеген. Бірде режиссер өзінің Аляска туралы фильміне қажетті полярлық аюдың қонжығын іздеген. Швеция хайуанаттар бағының бірінен кездейсоқ табылған жануарды өзі асырап алу үшін Марк барын салған. Ол қонжықты асырап, қажетті күтімді жасай алатынын айтып тиісті органдарға барған.
Қазір Эйджи есімді аюдың жасы 16-да. Оның тәбеті мен тәрбиесі жақсы. Бір қызығы, ақ аю өте қызғаншақ. Ол Маркті басқа әйелдерден қызғанып, біреумен көре қалса, тұмсығының астынан ырылдап шыға келеді.