Ақ Азиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстанға және барша қазақстандыққа көп рахмет! - Т.Фок

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - 7-қысқы Азия ойындары зор табысты өткізілді, барлық қатысушылар бақытты және өздеріне көңілдері толады. Олар мұнда алған әсерлерін ұзақ уақыт есте сақтайды. Бұл туралы Алматыдағы Б.Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізілген Азиаданың жабылу салтанаты барысында Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті Тимоти Фок айтты.
None
None

Оның айтуынша, Ойындардың ашылуында да, оның жабылуында да барлығы Қазақстан үшін мақтаныш сезімінде болды.

«Біз үйлерімізге Қазақстан мен оның халқы туралы жылы сезіммен қайтамыз. Осы жердің халқының қонақжайлылығы мен ақжарқындығының арқасында біз Қазақстанда өз елімізде жүргендей болдық. Елдің тұтқа ұстарлары мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа көп рахмет», - деген Т.Фок келесі сөзді ҚР Президентіне ұсынды.

Еске сала кетсек, бұл Ойындар біздің құраманың толықтай жеңісімен аяқталды. Қазақстандықтардың қоржынында 70 медаль бар, оның 32-сі алтын.

Соңғы жаңалықтар