Ақ Азиаданың жеңімпазы, жарақат алса да сыннан сүрінбей өткен Денис Тен өзін қолдаған барша қазақстандық жанкүйерлерге алғыс білдірді
Жеңісінен кейін өз пікірімен бөліскен Д.Тен, жарыс алаңында отандастарының көрсеткен қолдауы өзіне жақсы әсер етіп, бойына жігер құйғандығын айтты.
«Өмірімде алғаш рет өз елімде Қазақстанның намысын қорғағаныма аса қуаныштымын және көрсеткен өнеріме ризамын. Сондықтан осында отырған және теледидар алдындағы қазақстандық жанкүйерлеріме шексіз алғысымды айтамын. Кішкентай құпиямды ашайын. Мен бұл жарыстарда аздаған жарақатпен өнер көрсеттім. Соңғы апталарда бар күшіммен жаттыға алмадым. Сондықтан бұл жарыстар мен үшін нағыз күрес болды. Бұл маусым мен үшін жалпы алғанда оңайға соғып жатқан жоқ. Себебі мен басқа құрылықта жаттыға бастадым. Қайталап өтейін, бүгін өз Отанымда алғаш рет жарыс алаңына шықтым. Мен үшін бұл үлкен құрмет және қолымнан келгенді жасадым. Қазір көз жасымды әрең ұстап тұрмын», - деді толқып.