«Ақ бидай - 2017» спартакиадасының жеңімпаздары 300 мың теңгенің сертификатына ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында өткен «Ақ бидай - 2017» 30-шы облыстық жазғы спартакиадасы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш күнге созылған жарыс ерлер мен әйелдер арасында өткен волейбол, баскетбол, футбол ойындарынан және үстел теннисі, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, спорттық туризм, президенттік көпсайыс, отбасылық старттар секілді спорт ойындарының тоғыз түрінен өтті.

«Жастар» стадионда өткен жеңіл атлетика мен отбасылық старттар көрермендердің көңілінен шықты. 800 метрлік қашықтыққа жүгіруден Алина Баттырдинова, 100 метр қашықтықта Юлия Сыромяжко, осы қашықтық бойынша ерлерден Дмитрий Савон, ұзындыққа секіруден Анель Берікжанова сынды жеткіншектер қарсыластарына дес бермеді.

Жалпыкомандалық есепте қалалар арасында Көкшетау қаласы бірінші орынды иеленіп, 300 мың теңгенің сертификатын ұтып алды. Екінші орын және 200 мың теңгенің сертификаты Щучинск қаласының еншісіне бұйырды. Үшінші орынды Атбасар қаласы иеленіп, олар 100 мың теңге алды. Дәл осындай сыйлықтар аудандар арасында үлестіріліп, бірінші орынды Жарқайың ауданы, екінші және үшінші орындарды Зеренді және Шортанды аудандары бөлісті.

Соңғы жаңалықтар
telegram