«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында мердігер компаниялар ауызсуды ауылдағы үйлердің ауласына дейін кіргізуге күш салуда

Жалпы, су ресурстары мәселесін кең көлемде қарастыратын болсақ, ХХІ ғасырдағы Қазақстан үшін оның ең толғақты тақырыптар қатарына шығатындығын байқаймыз. Қазіргі күні тұщы су көздерінің мәселесі, соның ішінде халықтың таза ауызсумен қамтылу жайы жер шарындағы экологиялық ахуалдың ушыға түсуінің аясында адамзаттың ортақ проблемасына айналды. Көптеген сарапшылар ендігі кезекте ел мен елдің, өңір мен өңірдің арасында болуы мүмкін дау-жанжалдар нақ осы мәселеден өрбуі мүмкін деген қауіп айтады. Демек, әр мемлекет өздеріндегі су ресурстары мен оны тиімді және үнемді пайдалану ісіне алдағы уақытта барынша мән бере түспек.
Еліміздің су ресурстарын нығайту мен оның қорларын сақтау мәселесіне Қазақстан басшылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қатты көңіл бөлуде. Сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар жұмсалып жатқанын айта кету керек. Міне, осылайша, ел игілігін көздеген бағдарлама толығымен жүзеге асырылып, онда көзделген міндеттер орындалатын болса, алдағы уақытта бұдан да қомақты нәтижелерге қол жеткізуімізге болады. Бүгінгі таңда су шаруашылығы мамандарының көмегімен облыстағы жерасты тұщы су қорының мөлшері анықталды. Оның есебі облыстық және жергілікті әкімдіктерге өткізілуде. Бірақ су қорын іздестіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасын табуда. Су қорларын табу өте өзекті мәселенің бірі болып отырғаны белгілі. Өйткені бұл бағдарламаны оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, «Ақ бұлақ» ауызсу бағдарламасының орындалуы облыс әкімінің тікелей бақылауында болғандықтан, құрылысты жүргізген мердігер компаниялар ауызсуды ауылдағы үйлердің ауласына дейін кіргізуге күш салуда. Сонымен қатар тарифтер бағамын дәл анықтау үшін әр үйге су есептегіш құрылғылар орнату да қолға алынған.