«Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша 300-ден астам ауылды сумен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылы «Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша 300-ден астам қазақстандық ауылды сумен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы «ҚР-да геология саласын және жер қойнауын пайдалану саласының перспективалары мен негізгі бағыттары» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті, деп жазады primeminister.kz.
None
None
«Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша 341 ауылды жер асты сулары қорларымен қамтамасыз ету және жер асты суларының 35 кен орнының қорларын қайта бағалау үшін 2013 жылы іздестіру-барлау жұмыстарын аяқтаймыз. Сондай-ақ, 744 ауыл мен 40 кен орны үшін ЖСҚ әзірлеу аяқталып қалды», - деді ол. Бұдан өзге, ол тағы да 216 ауыл үшін жер асты суларын геологиялық барлау және 30 кен орнының су қорларын қайта бағалау бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады. Бұл жұмыс толығымен 2014 жылы аяқталады.«Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша біздің комитеттің басты міндеті қорларды анықтау болып табылатынын басып айтқым келеді. Біз сол қорларды анықтап, бекітеміз, содан кейін әкімдіктер сумен жабдықтау және сумен қамсыздандыру жүйелерін жөндеу немесе салу бойынша жұмыстарды жүргізеді, яғни олар суды тұтынушыға дейін жеткізеді», - деп толықтырды өз сөзін комитет басшысы. Жалпы алғанда, «Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша 110 млрд. астам теңге бөлінеді, олардың ішінде геология комитетіне 4-5 пайызы тиесілі.
Соңғы жаңалықтар