"Ақ кент" тұрғын-үй кешенінде 2698 үлескер бар - Ахсель холдингінің президенті

АЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы "Ақ кент" тұрғын үй кешеніндегі 2698 үлескердің 1,5 мыңы бүгін баспаналы болды.

"Ақ кент" тұрғын-үй кешенінде 2698 үлескер бар - Ахсель холдингінің президенті

Бұл жайлы компания басшылары бүгін Елбасының қатысуымен өткен пәтер кілтін табыс ету рәсімінде мәлім етті.

Ахсель холдингінің президенті Ахмет Хамди Аянның айтуынша,"Ақ кент" тұрғын-үй кешенінің жалпы алаңы - 44,2261 гектар. Ондағы құрылыс жұмыстары 2006 жылдың 4-ші тоқсанында басталды. Тапсырыс беруші - "Айт хаузинг комплекс" ЖШС. Жобалаушы - "Ахсел иншаат тааххют ве тиджерет" АҚ. Онда 9 қабатты, 72 пәтерлі 42 үй бар. Шілде айында 1436 пәтерде жалпы құрылыс жұмыстары бітті. Алдағы тамыз-қыркүйек айларында тағы 1248 пәтер әзір болады. Бастапқы кезде 2008 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үй кешені әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыс кезінде тоқтап қалған болатын. Сондықтан "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ арқылы оған мемлекеттен 16,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.