Ақ қонжықтың ұйықтап жатқан сәті талай жанның жүрегінен жол тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде кіп-кішкентай ақ қонжықтың суреттері мен видеосы кең етек жайып келеді. Қонжық 6 қарашада америкалық Огайо штаты Колумбус қаласының зообағында дүниеге келді.
Алайда белгісіз себептермен анасы Аврора бұдан бас тартты. Қонжықты зообақ қызметкерлері бағып келеді. Оған бөтелкемен азық береді, денсаулық жағдайын қадағалайды.
Қонжықтың дүниеге келгенінен небәрі 5 апта өтті. Ол көзін аша бастады. Дегенмен жүре алмайды, қазіргі уақытта төрт аяғынан тік тұруға тырысып-ақ жатыр. Ал қонжықтың ұйықтап жатқан сәті талай жанның жүрегіне жол тапты, деп хабарлайды tvzvezda.ru.