Ақ үй Махмұд Ахмадинежадты Иранның сайланған президенті деп таныды

АСТАНА.  Тамыздың 5-і.  ҚазАқпарат   -АҚШ   сейсенбі  күні Махмұд  Ахмадинежадты  Иранның сайланған  президенті  деп  таныды, 

Ақ үй  Махмұд  Ахмадинежадты  Иранның  сайланған  президенті  деп  таныды

деп   хабарлайды  «Рейтер» агенттігі    Ақ үйдің  ресми өкілі Роберт  Гиббсқа сілтеме  жасап.

АҚШ Ахмадинежадты    Иран президенті  ретінде  таниды ма?  деген  сауалға жауап берген  Гиббс:  «Ирандықтарға  өз  басшылығын  таңдауы керек  болатын.  Ол  (Ахмадинежад) -  Иранның сайланған  президенті»,  - деп  атап көрсетті.

Гиббс  сейсенбі күні осының  алдында жасаған    мәлімдемесінде,   АҚШ президенті Барак Обаманың   Ахмадинежадты президенттікке  бекітілуімен   құттықтамайтынын  айтқан болатын.  Ахмадинежад       қызметіне  тамыздың 5-інде,  бүгін   кіріседі.

Маусымның 12-сінде   Иранда өткен президенттік сайлаудың     қорытындысы  жария  етілгеннен   кейін,    жеңіліп   қалған  оппозиция      жетекшісі Мирхоссейн Мусауидің  жақтаушылары      өкіметті   дауыс берудің  нәтижесін  қолдан өзгертті   деп  айыптап,      сайлаудың күшін  жоюды  талап еткен  болатын.    Тегранда тұтанған   бұқаралық тәртіпсіздіктің салдарынан 27 адам қаза болды,  мыңдаған  адам тұтқындалды.