Ақ үй Нью-Йорк инфрақұрылымына жоспарланған 18 млрд долларды тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM — Ақ үйдің бюджеттік директоры Рассел Воут Трамп әкімшілігі Нью-Йорктің инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News.

Белый дом заморозит $18 млрд на инфраструктуру Нью-Йорка
Фото: Anadolu Ajansi

— Нью-Йорктегі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған шамамен 18 миллиард доллар тұратын жобалар конституцияға қайшы келетін DEI қағидаттарына негізделген қаржыландыруға жол бермеу мақсатында уақытша тоқтатылды, — деп жазды Рассел Воут әлеуметтік желіде.

DEI (diversity, equity, inclusion) әртүрлілік, теңдік және қосуды білдіреді. Ол нәсіліне, ұлттың тегіне, дініне, мәдениетіне, жасына, дүниетанымына, гендерлік сәйкестігіне және жыныстық бағдарына қарай қолайсыз топтарға арнайы жеңілдіктер беруді қамтиды.

Қаржы Гудзон өзенінің астындағы Нью-Джерси мен Нью-Йорк қалаларын байланыстыратын Хадсон теміржол туннелі мен Нью-Йорк қаласындағы екінші авеню метросының құрылыс жұмыстарына жоспарланған.

Бұған дейін Трамп шетелдік фильмдерге 100 пайыз салық салу мәселесін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар