Ақ үй: Путинмен Трамп емес, Уиткофф сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Владимир Путинмен «нәтижелі және жақсы» келіссөздер туралы айтқанда, өзін емес, арнайы өкілі Стив Уиткоффты меңзегенін Ақ үй нақтылады, деп хабарлайды BBC.

Ақ үй: Путинмен Трамп емес, Уиткофф сөйлесті
Фото: unsplash

Трамп бұрын TruthSocial әлеуметтік желісіндегі жазбасында «біз өте жақсы және өнімді келіссөздер жүргіздік» және «мен президент Путиннен сұрадым» деп жазғандықтан, кейбір БАҚ Трамп пен Путиннің жеке әңгімесі болғанын хабарлады.

Бұған дейін Трамп Путиннің әскери қимылдарды тоқтату туралы айтқан сөздеріне қатысты пікір білдіргені туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, 13 наурызда Путин Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффты қабылдады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Сондай-ақ, Песков Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың әңгімелесу уақыты әлі белгіленбегенін, алайда Мәскеуде алған барлық ақпаратты Уиткофф АҚШ басшысына жеткізгеннен кейін анықталатынын атап өтті.