Ақ үй Трамптың шетелдік көшбасшылармен әңгімесінің қалай тарап кеткенін тексереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ әкімшілігі Дональд Трамптың шетелдік көшбасшылармен телефонмен сөйлескен әңгімесінің қалайша БАҚ-қа жарияланып кеткенін тексереді, деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер. Бұл туралы РИА Новости жазды.
«Біз бұл жағдайды тексеріп жатырмыз, бұл шын мәнінде алаңдатарлық жайт», - деді Спайсер The Hill газетіне берген сұхбатта. Оның айтуынша, «ақпараттың мәлім болуы қолданыстағы құқықтар мен заңдарды өрскел бұзып отыр».
Ақ үй өкілі қандай тергеу жүргізіліп жатқанын ашып айтпады және мемлекет басшысының өзі алаңдап отырғанын жеткізді. «Әрине алаңдайды. Оның телефонмен айтқан әңгімелері жұртқа мәлім болып отыр, бұл шын мәнінде қауіп тудырарлық жайт», - деді ол.
Бұған дейін Рейтер агенттігі Ресей Президенті Владимир Путинмен әңгімелесу кезінде Трамптың New Start келісімін сәтсіз деп атағанын хабарлады. Тұрақты брифинг барысында Спенсер екі көшбасшы арасындағы жеке әңгіме тақырыбын талқылаудан бас тартты.