Ақ үй жылдың соңына дейін Ирак пен Ауғанстанда 83 миллиард доллар қаржы жұмсайды
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обаманың әкімшілігі биылғы қаржы жылы Конгрестен Ирак пен Ауғанстандағы операцияларға қосымша 83,5 миллиардтай доллар сұрағалы отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Бұл соманың 75 миллиардтан астамы ? тікелей әскери шығыстарды құраса, 7 миллиардан астамы Ирак, Ауғанстан және Пәкістан елдеріне көмек ретінде қарастырылып отыр. Осылайша, 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі оқиғадан кейін АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы шығыстарының жалпы сомасы 1 триллион долларға жақындады.