Ақ үйдің баспасөз қызметін 28 жастағы Хоуп Хикс басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың баспасөз қызметі Ақ үйдің коммуникациялар бойынша директорының уақытша міндетін атқарушы болып Хоуп Хикс тағайындалғаны туралы хабарлады, дейді ТАСС.

Ақ үйдің баспасөз қызметін 28 жастағы Хоуп Хикс басқарады

АҚШ президенті Дональд Трамптың баспасөз қызметі сәрсенбі күні Ақ үйдің коммуникация қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы болып Хоуп Хикс тағайындалғанын растады.

«Хоуп Хикс Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерспен және әлеуметпен байланыс командасымен жұмыс істейтін болады, сонымен қатар, Ақ үйдің коммуникация бойынша директорының уақытша міндетін атқарады»,-делінген хабарламада.

«Тиісті уақытында» басшылық қызметке тұрақты келетін адам туралы жарияланады. Бұған дейін аталған міндетті Энтони Скарамуччи атқарған болатын. The Washington Post газеті 28 жастағы Хоуп Хикстің әлеуметпен байланыс саласындағы өкілеттіктері кеңейетіндігін жазған еді. Қазіргі уақытта ол Ақ үйдің стратегиялық коммуникация бойынша директоры қызметін атқаруда. 2015 жылы, президенттік лауазым үшін бәсеке енді басталған тұста ол Трамптың баспасөз хатшысы болған.

Бұл қызметке Скарамуччидің тағайындалғаны туралы хабар 21 шілдеде белгілі болды. Осыдан кейін ол Трамптың айналасындағы шенеуніктерді құпия ақпаратты таратты деп айыптаған болатын. Олардың арасында Ақ үйдің бұрынғы аппарат басшысы Райнс Прибас та болды. Прибастың орнына бұрын ұлттық қауіпсіздік министрлігін басқарған Джон Келли келді. Скарамуччи тағайындалғанына 10-ақ күн өткеннен кейін отставкаға кетті.

Ақ үй аппаратының коммуникация жөніндегі директоры Америка президенті әкімшілігінің барлық ақпараттық -насихаттық саясатына жетекшілік етеді.