Ақ үйдің маңындағы екі оқиғадан кейін ғимараттың күзеті күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Құпия қызметі таяуда орын алған екі оқиғадан кейін Ақ үй маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейтетінін жариялады.

Ақ үйдің маңындағы екі оқиғадан кейін ғимараттың күзеті күшейтілді

ВВС-дің жазуынша, жұма күні пышақпен қаруланған ер азамат аталған нысанның күзетілетін аумағынан өтіп, ғимараттың кіреберісіне дейін жеткен. Бұл оқиға бойынша Омар Гонзалес есімді азамат қамауға алынды.

Ал екінші оқиға сенбі күні орын алған екен. Тағы бір ер азамат Ақ үйдің қақпасының алдына дейін көлікпен келіп, осы жерден кетуден бас тартқан.

Осыдан кейін қызметтің директоры Джулия Пирсон АҚШ Президенті резиденциясының солтүстік қоршауы бойын бақылау мен шолғындау шараларын күшейту туралы бұйрық берді.