«Ақ жайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді бөлу бойынша Тұрғын үй комиссиясының отырысы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылы мамырдың 12-сі күні «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» «Ақ жайық» пен «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді бөлуге қатысты өтініш-құжаттар қабылдауды аяқтаған еді. «Жылжымайтын мүлік қорының» еншілес компаниясы «ФН Менеджмент» ЖШС өтініш берушілердің тізімін дайындаған. Ол тізім толықтай шешім қабылдануы үшін «Жылжымайтын мүлік қорының» Тұрғын үй комиссиясына жіберілген еді. Пәтерді бөлу ережесінің 54 пунктіне сәйкес, Тұрғын үй комиссиясының әр жиынында бақылаушылар-мемлекеттік орган өкілдері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады. Мақсат: тұрғын үй комиссиясының әділетті шешім қабылдауы үшін объективті баға беру және пәтерлерді бөлу кезінде ауытқушылықтар болса, анықтау. Шақырылған бақылаушылар Тұрғын үй комиссиясының материалдарымен таныса алады», делінген бүгінгі таратылған хабарламада.
Жиын мамырдың 27-сі күні сағат 15.00-де «Қазына Тауэр» (Астана қаласы, Орынбор көшесі 6, 3-қабат) ғимаратында өтеді.