«Ақ жол» өкілдері Түркістан облысында жұмысшылармен кездесті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штаб мүшелері Түркістан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақ жол» өкілдері Түркістан облысында жұмысшылармен кездесті

Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған үгіт-насихат тобы Түркістан облысындағы «Комбинат Фараб» зауытының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партия төрағасы Азат Перуашов кәсіпкерлерді қолдау туралы айтты.

Сондай-ақ, зауыт жұмысшыларына қазіргі жағдайлар түсіндірілді. Түркістандық сайлаушылардың мәселелері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.