«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында болды.

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында болды

Партия белсенділері бұл жолы «Кайнар-АКБ» аккумулятор зауытында болып мұндағы жұмысшылардың ой-пікірін тыңдады.

«Кайнар-АКБ» аккумулятор зауытының өндірістік қуатын арттыруға әлеуеті бар. Алайда кейбір мәселелер зауыттың одан әрі күшейуіне тоқсауыл болып отыр. Қазір айына 340 мың дана аккумулятор шығаруға қауқарлы. Ал, осы айда тіпті 550 мың дана аккумуляторға тапсырыс келіп түскен. Сондықтан кәсіпорын басшылары қарап отырмай өндірістік қуатын арттыруға тырысып-ақ жатыр. Дайын болған қазақстандық өнім Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Польшаға, Германияға, Италияға жөнелтіледі.