Академик Скандербек Жолдасбеков дүниеден өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 30 маусымда 61 жасқа қараған шағында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қызметкері, профессор, ҚР ұлттық инженерлік академия академигі, академик У. А.Жолдасбеков атындағы механика және машина жасау институтының бас директоры Скандербек Өмірбекұлы Жолдасбеков кенеттен қайтыс болды.
Жолдасбеков Скандербек Өмірбекұлы - жоғары сыныпты кеңістіктік иінтіректі тетіктер механикасы саласындағы белгілі ғалым. Америкалық инженер-механиктер қоғамы, Халықаралық инженер академиясы, Халықаралық «Экологиялық жаңғырту» академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының мүшесі, ҚО Ұлттық теориялық және қолданбалы механика комитеті президиумының мүшесі. Жоғары санатты тетіктер теориясына орасан үлес қосқаны үшін В.Г. Шухов атындағы халықаралық алтын медалін иеленген.
140 ғылыми жұмыс пен өнертабыс, 4 оқу және әдістемелік оқулық, 4 монографияның авторы.
Академик С.Ө. Жолдасбековпен қоштасу 2016 жылғы 2 шілдеде Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29-үй мекенжайы бойынша «Ғылым ордасы» РМК ғимаратында сағат 10:00-де болады.