Академиялық білімі бар офицерлер ҚР ӘҚ офицерлік корпусын толықтырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің академиялық білімі бар офицерлері оқуды аяқтауына байланысты салтанатты шара өтті. Шарада ҚР Қарулы Күштерінің 102 офицер түлегі университет алдына сап түзеді.

Академиялық білімі бар офицерлер ҚР ӘҚ офицерлік корпусын толықтырды  (ФОТО)

«Офицер мырзалар, бүгін сендерді елдің Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық университетті ойдағыдай аяқтауларыңмен құттықтаймын! Бұл сіздер үшін де, әсіресе еліміз үшін ерекше сәт екені сөзсіз. Сіздер әскери оқу орны табалдырығынан заманауи сапалы білім алған алғашқы офицерсіз Үздік офицер ретінде танылған соң да осы жерге жіберілген едіңіздер.

Офицерлік шенмен қоса, әскери салада терең білімдеріңіз бар. Жауынгерлік рух пен жоғары парасаттылықты бойларына сіңірген қабілетті әскер болып қалыптастыңдар», - деді әскери қызметшілерді құттықтау сөзінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Бүгінде ЖОО-дан кейінгі білім әскери мамандарды даярлауда маңызды орынға ие. Ол әскери экономика, әскери өндіріс, әскери ғылымды жетілдіру, жаңа технологияларды дамыту мәселелерін шешуге қабілетті жаңа формациядағы әскери-ғылыми, ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етеді. «Бүгінгі күн өзім үшін ерекше қуанышты, айтулы күн. Мен кадрлық әскермін, бұл екінші әскери білімім, әскери мансабымның логикалық жалғасы. Білім алу арқылы ой-өрісімді кеңейтіп, базалық іргелі білімімді нығайттым. Бұл жердің ауқымы кең, білім барынша терең. Университеттің өз ісін жетік меңгерген нағыз кәсіби мамандары - проффесорлық-оқытушылық құрамға алғыс білдіргім келеді», - деді ЖОО түлегі подполковник Ораз Кучуков. Профессорлық-оқытушылық құрам мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруге лайықты үлес қосып келеді, бұл ҚР әскери білімін халықаралық стандарттарға жауап беретін барынша сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік бере отырып, Қарулы күштерді дамытуға ықпал етеді.

«Біз Америкадағы Монтгомери (Алабама штаты) қаласындағы әскери-әуе академиясына бару мүмкіндігіне ие болдық. Олардың даярлығы мен білімін зерделедік. Бізді жоғары бірлікті маман ретінде даярлаған университеттің оқытушыларына алғыс білдіргім келеді», - деді түлек подполковник Талғат Қалабаев. Бас штаб факультетінің түлектерімен қатар бүгін Ұлттық Гвардия, Шекара қызметі және Арнайы дайындық факультеттерінің офицер түлектері университетті аяқтауда. Оқу орнының барлық 18 кафедрасының тыңдаушылары диплом алды. Олар Қарулы күштер мен басқа да әскери құрамалардың қатарын толықтырмақ.