14:57, 08 Тамыз 2019 | GMT +5
Академиялық есуден Әлем чемпионатында ел намысын 9 спортшы қорғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Академиялық есуден Аустрияның Линц қаласында өтетін Әлем чемпионатына Қазақстаннан қатысатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың бас бапкері Владимир Белоноговтың айтуынша, 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтетін байрақты додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды.
Олар: Владислав
Яковлев (2000 метр, жекелей сын) Светлана Германович (2000 метр, жекелей сын)
Михаил Таскин, Анастас Шашков (2000 метр, жұптық сын) Евгений Тацей, Даниил
Савченко (2000 метр, жұптық сын, жеңіл салмақ) Мария Чернец, Алина Климентьева
(2000 метр, жұптық сын, жеңіл салмақ) Алина Мочула (2000 метр, жекелей сын,
жеңіл салмақ).