Академиялық есуден Қазақстан чемпионаты аяқталды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында академиялық есуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жеке және командалық сынақтар 25 маусымда басталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайысқа Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары қатысты.
Жеке сынақ нәтижесі бойынша Қарағанды облысының құрамасы қоржынына жеті алтын, төрт күміс және екі қола медаль жинады.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орында – Түркістан облысы, екінші орында Қарағанды облысы, үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласының командасы.
Командалық есепте Қарағанды облысы он бір алтын, он екі күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды.
