Ақан сері тұтынған кесе табылды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат -Ұлттық өнеріміз бен төл тарих ұлы олжаға кенеліп отыр. 1930 жылдары атақты әнші Ақан сері тұтынған кесе табылып, ол Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайының мұрағатына өткізілді.

Ақан сері тұтынған  кесе табылды

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының директоры, Астана қалалық мәслихатының депутаты, Абай Байгенжин Ақанның көзіндей болған құнды дүниені мұражай әкімшілігіне табыстады, деп жазады Baq.kz.

1932 жылы Абай Қабатайұлының ата-анасына серінің туыстары сыйға тартып, аманаттап кеткен кесе жақсы сақталған. -Ақан пайдаланған бұл бұйым мен ес білгелі біздің үйдің төрінде тұрды. Анам марқұм өмірінің соңына дейін кесені көзінің қарашығындай сақтады. Мұражайға табыста деп өтініш айтып кеткен еді",- дейді Абай Қабатайұлы.

Тарихи жәдігердің Сәкен мұражайына тапсырылуының өзінде үлкен мағына жатыр. Себебі, уақытында серіні құрметтеп, шығармаларын жинақтап, ел арасында кеңінен таратуға атсалысқандардың бірі Сәкен Сейфуллин болатын.