Ақберен Елгезек Қорғаныс және аэроғарыш министрінің баспасөз xатшысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі ақын әрі журналист Ақберен Елгезек министрліктің баспасөз қызметін басқарады. Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Ақберен Елгезек Қорғаныс және аэроғарыш министрінің баспасөз xатшысы болып тағайындалды

«Қадірлі ағайын! Елордаға оралдық. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрінің баспасөз xатшысы лауазымына тағайындалдық. Журналист әріптестеріме қолдан келген көмегімді көрсетуге даярмын», делінген жазбада.

Ақберен Елгезек 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген.
Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ тарих факультетінің түлегі.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері.