Ақбөкен өлтірген қостанайлықтарға 1,3 теңге айыппұл салынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі және орман шаруашылығына залал келтірілген екі қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Азаматтық іс Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап-арызы бойынша Арқалық қалалық сотында қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, ҚР азаматтары А. және В. жеке көлікпен ақбөкенді соғып өлтірген.

«Сот отырысында екеуі де тағылған айыпты толықтай мойындады. Азамат А. Заңсыз аң аулауға шықпағандарын айтып ақталды. Алайда, олар өлтірген ақбөкеннің етін бөліп алғылары келгендерін растады. Шығын көлемі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңына сүйеніп есептелді»,- делінген облыстық соттың хабарламасында.

Осылайша, сот үкімімен жауапкерлерден мемлекет тарапына 1 361 400 теңге қаражат тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар