Ақборанға байланысты Үшарал - Достық автожолы жабылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» ЖШС ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақборанға байланысты Үшарал - Достық автожолы жабылды

Бүгін Алматы облысында күн райы бұзылып, боран соқты, жол көрінбей қалды.

«Осыған байланысты 18 желтоқсан күні сағат 13:00 кезінде Алматы облысындағы «Үшарал - Достық» жолының 83-184 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды. Атап айтқанда, Көктума - Достық арасында жол жабылды» делінген хабаарламада.