00:57, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Әке болу ер адамдардың сыртқы келбетіне қалай әсер етеді?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар әке болу ер адамдардың сыртқы келбетіне қалай әсер ететінін анықтады.
Иллинойсте (АҚШ) Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары осы қорытындыға келмес бұрын 10 мың ер адамның қатысуымен 20 жылға созылған зерттеу жүргізді. Отбасында бірінші бала пайда болғаннан соң ер адамдар кемінде 2 келі салмақ қосқан. Балалары жоқ ер адамдар сымбатты бола түсіп, орташа 0,6 келі салмақ тастаған, - деп хабарлады Business Insider.
Бұдан басқа, әке болған ер адамдардың салмағын бақылаған зерттеу авторлары баласынан бөлек тұратын ер адамдар да салмақ қосқанын, алайда бұл баласымен бірге тұратындарға қарағанда, сәл аздау болғанын анықтады.
Сарапшылар мұны бала пайда болған соң ер адамның дұрыс тамақтануына және спортпен шұғылдануына уақыт бөле алмауымен түсіндіреді. Соның салдарынан дене салмағы артқан.