"Әкелер мен балалар: проблемалары және таяу болашағы" деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 24-і күні "Әкелер мен балалар: проблемалары және таяу болашағы" деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 жылғы әлеуметтік маңызы бар жобалар аясындағы тапсырысы бойынша әзірленіп отыр. Оны жасаған 2005 жылдан бастап отбасы тақырыбы аясында мақсатты түрде жұмыс істеп келе жатқан «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігі. Ол отбасындағы әке тәрбиесінің рөлін күшейту мақсатында Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша дайындалды. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ғалымдарының аймақтық әріптестерімен бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеу сараптамасы кітаптың бір тарауында беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум