Әкем елге өзі келді - Серік Күдебаевтың ұлы оқиғаға қатысты ақпарат берді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкем елге өз еркімен келді. Менен кейінгі ініме қоңырау шалып, елге өз еркімен келе жатқанын айтқан. Әкемді көрмегеніме де 2 айдан аса уақыт болды. Тағылған айыппен келіспеймін. Себебі, халқына оқ атқан жоқ», - деді Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов.

Дәл қазір Талдықорғанда Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы болады деп күтілуде. Бірақ, журналистердің процесті күтіп отырғанына 2 сағаттан аса уақыт өтті, әлі басталмады.

Еске салайық, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот 2023 жылдың 5-қаңтарда басталды.


Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені туралы жазған едік.

Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған.

Бұған дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.


Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Сотталушының процеске келмегеніне байланысты Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.


Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, оған халықаралық іздеу жариялап жарияланды. Ал 27 сәуір күні Күдебаевтың ұсталғаны жөніндегі ақпаратты Бас прокуратура растады.


Соңғы жаңалықтар