Әкесі 35 жыл бойы қызына «ойыншық үй» салған - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген бүлдіршін қыздар өзінің кішкене жиһазды бөлмелері бар ойыншық үйі болғанын армандайды. Біздің кейіпкеріміз осы арманына қол жеткізу үшін отыз жылдан астам күтуіне тура келді. Day.Az хабарлағандай, Эссекстік (Ұлыбритания) Джеффри Уолкей Лондонда 18 ғасырда салынған Rainham Hall ғимаратының көшірмесін жасап шығу үшін 35 жыл өмірін сарп еткен.
None
None

Құны 19 000 доллар, салмағы 90 келіден асатын бұл ойыншық үй 3 қабаттан және құрамына 5 жатын бөлме, кітапхана, асхана, мәрмәр залы мен қосалқы бөлмелер кіретін 13 бөліктен тұрады. Ал, қашықтықтан басқару пульті көмегімен үйдің жарығын өшіріп, қосуға болады.

Қазір 40-қа келген Сара Уолкей 5 жасында әкесінен ойыншық үй жасап беруін сұраса керек. Әкесінің іске аспастай жоспарды қолға алғанын көрген қызы бұл жұмыстың сәтті аяқталатынына сенбеген екен. Бақытына орай, Джеффри өз ойын жүзеге асырып, қызын есейген шағында бір қуантты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум