Әкесі көлігінде ұмытып кеткен сәби қаза тапты

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Италиядағы Пьяченцы қаласының солтүстігінде көлік ішінен өлімші халдегі 3 жасар Лука есімді бүлдіршін табылды.

Әкесі  көлігінде ұмытып кеткен сәби қаза тапты

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер баланы аман алып қалуға тырысқанымен, ол сол күйі есін жимай жан тапсырды. Дәрігерлердің байламынша, сәби маусымның аптап ыстығында күні бойы тұрған көліктегі жоғары температураның салдарынан көз жұмған.

Жантүршігерлік жағдай бойынша оның 39 жастағы әкесі Андреа Албанезе тергелді. Қаладағы мейрамханалардың бірінде аспазшы болып жұмыс істейтін ол таңертең өзінің ұйықтап қалған ұлын көлік ішінде ұмытып кеткен. Бүлдіршінді балабақшаға жеткізу әкесінің есінен шығып, ол тікелей мейрамханаға жол тартқан.