Ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Медиина саласында қосылған құн салығы тек ақылы қызметтерге салынады. Салық кодексінің жаңа редакциясына осындай норма ұсынылып отыр.

Электронды медициналық кітапша қаржыны үнемдейді – министрлік
Фото: freepik.com

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Үкімет әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады, - деді Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Ал әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5%, ал 2027 жылдан бастап 10% болмақ.

- Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді, - деді вице-премьер.

Айта кету керек, Салық кодексінің жаңа редакциясында ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегін 40 млн теңге деп белгілеу ұсынылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар