Ақылы терминалда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

дтп
Фото: видеодан алынған кадр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.

Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Тергеу жалғасып жатыр», — дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елжан Чупеков. 

Өңір полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын белгіленген жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар
telegram