Ақылы жолдың ақшасын төлемегендерге автоматты түрде айыппұл салынады

Платная дорога  Ақылы жол
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ақылы жолдың ақшасын төлемегендерге автоматты түрде айыппұл тағайындау қалай іске асатынын айтты.

«Жалпы жүйе бойынша біздегі ақылы жолды пайдаланғандарға бірден төлемақы келеді. Яғни, шлагбаум қойып, сол жерде төлемақы талап етіп жатқан жоқпыз. Төлемақыны көлік иесі екі аптаның ішінде төлемеген жағдайда автоматты түрде айыппұлс алынады», - деді министр.

Бұл тәсіл «Сергек» жүйесінің негізінде жұмыс істемек.

«Әкімшілік құқық бұзудың бірыңғай тізбесі (ЕРАП – ред.) дейтін жүйе бар. Ол жүйе «Сергек» сияқты айыппұлды автоматты түрде жібереді. Сол жүйемен интеграция жасалған. Екі аптаның ішінде төлем түспесе, айыппұл келеді. Айыппұлдың мөлшері Әкімшілік кодексте белгіленген – 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 18 мың теңге», - деді Марат Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram