Ақылы жолға қарызы барлардың көлігі тіркеуге алынбауы мүмкін

көлік
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев жол-көлік саласындағы заңнамаға ұсынылып отырған негізгі жаңашылдықтарды атады.

Оның айтуынша, жол саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да бірқатар ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 

Атап айтқанда:

  • жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығы енгізілді;
  • ақылы жолдар бойынша берешегі бар көліктерді қарызды өндіріп алу үшін тіркеуден бас тарту. 

Бұған қоса, берешегі бар шетелдік көліктерді айыппұл тұрағына қамау мен елден шығармау тетігі пысықталған: 

  • ауыр жүк көліктеріне шамадан тыс жүк тиегені үшін автоматтандырылған жүйе арқылы айыппұл салу мәселесі шешімін тапты;
  • ақылы жолдармен жүру ақысын уақтылы төлемегені үшін айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталуда;
  • жобаларды уақытылы бастауды қамтамасыз ету үшін карьерлерді рәсімдеу тәртібін жеңілдету қарастырылып жатыр. 

Министр аталған өзгерістерді жедел енгізу елдегі жолдардың жай-күйін жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum