Әкім аудан тұрғындарын Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға шақырды

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Кеше, наурыздың 11-де Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» атты биылғы Жолдауын талқыға салды. Аудан әкімі Әділ Несіпбаев тұрғындарды Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын қажетті іс-шараларды қолға алуға шақырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әкім ауданға қарасты мекемелер мен органдарға бөлінген бюджет қаржысын тиімді әрі үнемді пайдалануды, сондай-ақ халықты еңбекпен қамтуды, кадрларды қайта даярлықтан өткізу және қылмыстардың алдын алуды тапсырды. Ә. Несіпбаев жиналыс барысында Елбасының дәстүрлі халыққа Жолдауы жылдағыдан ерекше екендігін атап өтті. «Бұл дағдарыс кезеңінде халықты жұдырықтай жұмылдыратын, қиындықтан шығудың нақты жолын көрсететін жөні бөлек Жолдау», - деді аудан әкімі. Басқосуға қалалық мәслихат депутаттары, әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық қызметтердің, денсаулық сақтау, білім беру орындарының басшылары, кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Соңғы жаңалықтар
Референдум