Әкім Бурабайда өтетін веложарысқа қатысады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин өңір тұрғындары мен қонақтарын 30 сəуір Щучье-Бурабай курорты аймағында өтетін «VeloBurabay-2018» веложарысына қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бурабайда өтетін ертеңгі жарысқа жаттығып жатырмын. Велосипедпен 25 шақырымды жүріп өттім. Баршаңызды осы веложарысқа шақырамын», -деп жазды аймақ басшысы өзінің Фейсбук парақшасында.
Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында веломаусымның ашылуы жəне Астана қаласының 20 жылдығына арналған аталған спорт шарасына 200-ден астам адам қатысатыны айтылған.
«Веложарыс салауатты өмір салтын насихаттауды, сондай-ақ, Щучье-Бурабай курорты аймағының танымалдағын арттыруды көздейді», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, «BurabayLand» веложарыс 30 сəуірде сағат 10:15 «Бурабай» аумағында өтеді. Оған кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар 28 шақырым жолды жүріп өтпек.