Әкім кәсіпкерлерді туған ауылдарына бет бұруға шақырды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Біржан сал ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім кәсіпкерлерді туған ауылдарына бет бұруға шақырды

Өңір басшысы алдымен, биыл пайдалануға берілген 80 орындық Невский орта мектебін аралап көрді. Биылғы жылдан бастап жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология, информатика, физика пәндері үш тілде оқытыла бастады. Аталмыш пәндерге арналған пән кабинеттері қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жабдықталған.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «ҚазГерҚұс» серіктестігінің жаңа астық сақтайтын қоймасы, қасапхана және астық жинау жұмыстарымен танысты. Бұдан кейін, іргесі сонау 1928 жылы қаланған аудандық ауруханада болды, сондай-ақ, ширек ғасыр бойы қараусыз қалған көпқабатты екі тұрғын үйдегі қалпына келтіру жұмыстарына назар аударды. Оның біріне қаржы жергілікті бюджеттен бөлінсе, екіншісіне жеке кәсіпкердің есебінен алынып отыр.

null  Сапары соңында аудан активімен бюджеттің орындалуы және ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында облыс басшысы Елбасының таяудағы  халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттер жөнінде айта келе, сол міндеттерді орындау жөнінде нақтылы тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жаңадан салынатын аудандық емхананың, денешынықтыру-сауықтыру кешені мен тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжатын жеделдетіп дайындауды тапсырды.

«Аудан орталығында көп жылдардан бері тұрғын үй салынбауы сын. Тәуелсіздік алғаннан бері Степняк қаласында былтыр ғана 21 пәтерлі түрғын үй ғана берілген.  Осымен тоқтап қалмау керек. Әрине, қазірге ескі үйлердің қалпына келтіріліп жатқандығы қуантады, бірақ, бұл жеткіліксіз»,-деп атап өтті М.Мырзалин.null

Аймақ басшысының айтуынша, ауданнан қайтарым болған соң, көмектесу қажет. 2017 жылы облыстық бюджеттен ауданның дамуына 400 миллион теңге бөлінді. 2018 жылы бұл көрсеткіш 515 миллион теңгеге жетті. Мақсатта трансферттерден кіріс көлемі 110 пайызды құрады, яғни, ауданнан облыс бюджетіне қайтарым бар деген сөз.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауды ескере отырып,  бизнес өкілдерінің де әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс.

«Маңыздысы өзің бизнеспен айналысып отырған ауданның дамуына үлес қосу. Мысалы Қорғалжын ауданында ауыл тұрғындары өздері бірлесіп, қазіргі заманға сай стадион салды. Ал, сіздердің аудандарыңызда керсінше, стадионды арам шөп басып кеткен. Сондықтан, мемлекеттен көмек күтіп отырмау керек. Әр адам өзінің туған ауылының дамуына ат салысуы керек», - деп қорытындылады аймақ басшысы.