«Әкім келді деп жолды бөгеді»: Абай облысының басшылығы жұрт шағымына жауап берді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының әкімдігі әлеуметтік желідегі шағымға қатысты жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкім келді деп жолды бөгеді»: Абай облысының басшылығы жұрт шағымына жауап берді

11 қыркүйекте әлеуметтік желіде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы №1 емханаға жұмыс барысымен барған кезде емхана қызметкерлері тұрғындардың жолын бөгеп, көліктерін автотұраққа кіргізбей қойғаны туралы шағым тарады.

Әкімдік тарапынан емханаға келушілерді автотұрақ аумағына кіргізуге тыйым салу туралы ешқандай нұсқау берілген жоқ. Мемлекеттiк орган қызметкерлерінің салалық мекемелерге баруының басты мақсаты – олардың халыққа көрсететін қызметінің сапасын және ғимараттардың жай-күйiн тексеру. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, кеше Нұрлан Ұранхаев Семейдегі емхана жұмысымен танысып қайтқан еді.